Ақтөбе қ., Қурайлы а., Жеңіс көш., 37

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақтөбе қаласының № 59 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Меню

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ (Қамқоршылық кеңес)

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы «№59 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру туралы:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, «№59 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылатынын және оның құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, «№59 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мекен-жайына ұсыныс жолдау S5959sh@yandex.kz (Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Курайлы т/а, Георгиевка көшесі, 105 ғимарат)

Тиісті құжаттарды қоса бере отырып, ресми ресімделген түрде табыс етіледі:

1. өтінім (еркін түрде);

2. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4. білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар;

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары қоса беріледі.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 02.10.2026ж. байланыс телефоны:

87132 730553

ДИРЕКТОР
Галимова Эльвира Шамильевна
Жазу
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) Толығырақ
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау Толығырақ