Ақтөбе қ., Қурайлы а., Жеңіс көш., 37

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақтөбе қаласының № 59 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Меню

Мектеп ішіндегі типтік тәртіп ережелері

Ақтөбе  облысы  әкімінің 01.07.2015ж.  № 239 «Білім  беру  ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидаларын  бекіту туралы» қауылысы, Қазақстан  Республикасының  2001 жылғы   23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының   жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін – өзі  басқару туралы» Заңының  27 бабына, Қазақстан  Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының  6 –бабының 2 тармағы 24-7 тармақшасына   сәйкес  әзірленді және  білім  беру  ұйымдарының   ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып  табылады.

Типті  ережелер - жұмыс беруші мен  жұмысшы  арасындағы  еңбек  қатынасын қалыпқа келтіретін құжат болып  табылады (заңнамаға   сәйкес).

Мектеп ішіндегі тәртіп ережелері – ұйым  ішінде еңбек  тәртібін, ішкі  жұмыс тәртібін қалыптастырады, жұмысшыларға  қатысты  мадақтау   және  жазалау  іс –шаралар   қолдануы, құқық  қалыптастыру, міндеттері  мен жауапкершілігін   және   де  басқа   еңбек  шарттарын   қалыпқа  келтіреді.

Мектеп  ішіндегі  тәртіп  ережелері - еңбек  келісімінің   қосымшасы  болып  табылып, ұйым  өз бетінше   құрастырады.

Ереженің  бірінші  бетінде   логотипті   белгіленген  атау бөлімі,   ұйымның  толық  атауы (кейбір  жағдайларда қысқыртылып  жазуға  болады, егер  бұл Жарғыда белгілінген   болса), және  құжаттың атауы - бас  әріппен жазылғаны  дұрыс. Егер  МІТЕ- ұжымдық  келісім  шарттың  қосымшасы  болып  табылса, жоғарғы  жағында  белгі   қойылады.

Жоғарғы  оң  жақ   бұрышында  ережені  бекіту үшін  арнайы  гриф қойылады.  Ішкі  тәртіп  ережелерінің   құрастырылған  күні, бекітілген  күн  болып  есептеледі.

МІТЕ – ұйым  жұмысының    спецификасын   және   жұмыс  бабында   кездесетін  белгілі  бір  жағдайларды  көрсету.    Ішкі  еңбек  тәртібінің  ережесінде   жұмысшылардың  қамы  ескерілуі қажет.  Дайындалған  ережелер  міндетті  түрде  басқа  ұйым  бөлімдерімен,  сонымен  қатар  кәсіподақ  ұйымының  мүшелерімен келісіліп, содан кейін  басшы  бекітеді.  Бекітілген  МІТЕ барлық жұмысшыларды  қолхат арқылы  таныстырып  өту қажет.  Ұйымның  МІТЕ көрінетін  жерде  ілініп және  оны  кез келген  уақытта  оқуға  болатындай  жағдай  жасау  қажет.

МЕКТЕП  ІШІНДЕГІ ТИПТІК  ТӘРТІП  ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер:

Ереженің  басты  міндеті  еңбек  ұжымының  уақытын  дұрыс  пайдалана  білу, жұмысшылардың  еңбек   сапасын  көтеру, еңбек  тәртібін, балалардың  құқығын және  өмір  қауіпсіздігін  нығайту  үшін  құрастырылған.

Еңбек  тәртібі –бұл тек  қана  ішікі  еңбек  тәртіп  ережелерін  бұлжытпай  орындау емес, өз жұмысына  жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарап оны  жоғары  сапаға  жеткізу, жұмыс  уақытын  кәсіби  қолдана білу. 

2. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау  және жұмыстан  босату:

Жұмысқа  орналасушы  мектеп  әкімшілігіне   келесі құжаттар  тапсырады:

Жеке  куәлік ;

Қай жерде  тіркелгені  туралы  құжат (тіркеу  қағазы);

Еңбек  кітапшасы;

Білімі туралы  немесе  басқа  кәсіби  дайындық  туралы  құжаттар  (көшірмесі);

Санаты  берілгені  туралы  құжат (көшірмесі);

Біліктілігін  артыру  жөніндегі  құжаттар, куәліктер, сертификаттар т.б. (көшірме);

Мадақтау  туралы құжаттар, мадақтамалар, ордендер (көшірме);

Кадрлар  бойынша  жеке  бет (жұмысқа  қабылданғанда толтырылады);

Өмір баян;

3*4 фотосурет – 2 дана;

Әскери билет;

Білім ұйымында жұмыс жасауға кедергі келтірмейтіні  туралы медициналық анықтамасы (флюорографиялық сурет);

Қоса атқарушылық жұмысқа орналасушылар еңбек  кітапшасының  көшірмесін және негізгі  жұмыс  орнынан  анықтама мен  жұмыс  кестесін  тапсырады. 

Жазбаша  түрде  мектеп  пен  жұмысшы  арасында  еңбек  келісіміне  тұрады. Жұмыс  туралы  келісім  шарты  білім  туралы  еңбек  заңнамасынан төмен  болмау  тиіс. Екі  жақ келісімі  бойынша  бастапқы  сынақ негізінде   еңбек  шартын бекітеді.  Жұмысқа  жарамсыз   және  де  басқа  кезендері, жұмысшы жұмыста  болмаған  күндерінен бөлек, еңбек келісім шарты үш айдан артпауы керек. 

 Келісім шартқа отырған соң, мектеп әкімшілігі жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық шығарып, қызметкерлерге қолхат негізінде жеткізеді.

Жаңадан келген қызметкер жұмысқа кіріспестес бұрын немесе  қызметкерді, басқа жұмысқа аударған болса, мектеп әкімшілігі міндетті түрде:

қызметкерлерге тапсырған жұмысымен таныстырып,

оның қызметтік нұсқауы, еңбек төлемі,  міндеттері мен құқығын түсіндіреді;

еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы, өрт қауіпсіздігі мен балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауын ұйымдастыру туралы нұсқау береді;

Әр қызметкерге жеке іс-қағаз жүргізіледі оның ішінде кадрлар бойынша жеке бет, өмірбаяны, білімі туралы, білімін арттыру туралы кәсіби дайындығы, медициналық анықтама, тағайындау, ауыстыру, көтермелеулер жәнежұмыстан шығару  туралы бұйрық көшірмелері;

Қызметкерлерді басқа жұмысқа аудару үшін оның келісімі қажет, кейбір  жағдайда заңға сәйкес уақытша басқа жұмысқа  ауыстыруға болады: өндірістік қажет жағдайы бойынша, уақытша жоқ қызметкердің орнын ауыстыру.

Ұйымдастырылған мектеп жұмысы мен  мектеп еңбегі өзгерілген жағдайда (кластар саны өзгерілсе, оқу жоспары, мектептің жұмыс тәртібі,жаңа тәрбие түрі енгізілсе,  эксперименттік жұмысы) жұмысы сол лауазымда жалғаса береді, тек кейбір еңбек шарты өзгеріледі: еңбек төлемінің жүйесі мен мөлшері,жұмыс тәртібі, оқу жүктемесінің өзгерілуі, соның ішінде толық немесе жұмыс уақытының қысқаррлуы, класс жетекшілігі, кабинет, шеберхана  меңгерушілігі т.б мамандықтарының қоса алып жүргізуі, тағы басқа да еңбек жағдайының өзгерілуі.

Бұл өзгерістер жөнінде қызметкер бір ай бұрын хабардар болуы қажет.

Жұмыстан босатылған күні мектеп әкімшілігі жұмыстан шығарылған қызметкерге толық ақшалай есебі мен толтырылған еңбек кітапшасын береді. Еңбек кітапшасына жұмыстан босатылған себебі заңамаға сәйкес бабы және тармағы жазылады.

3. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

Оқу мезгіліндегі мектептегі шаралар және метептен тыс шаралар кезінде балалардың денсаулығы мен өмірі үшін педагогикалық қызметкерлер толық жауап береді.

Оқушылардың денсаулығына зақым келген кезде дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау қажет

3.2.   Мектеп қызметшілері міндетті:

3.2.1.  Өз саласының мамандығына сәйкес теориялық және   практикалық дағдысын лайықты білу.

3.2.2.  Мемлекеттік жалпыға білім беруге сай сапалы білім беру;

3.2.3. Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыру еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу;

3.2.4. Адамгершілігі жоғары, ата-анасын құрметте білетін, қоршаған ортаға, этно-мәдиниеттік бағалықтарға деген көзқарасын тәрбиелеу;

3.2.5. Бес  жылда  бір  рет  аттестациядан  өту;

3.2.6.  Жұмысты  жауапкершілікпен  атқарып, еңбек  тәртебін  сақтау, мектеп  әкімшілігінің  бұйрықтарын  дәл  кезде  орындау, бар жұмыс  ауқытын пайдалы  еңбекке  жұмсау, басқа  қызметкерлердің    жұмысына  кедергі келтірмеу;

3.2.7. Педагогикалық  этикасының  кәсіби  денгейін және  адамгершілік  қағидаларын ұстану;

3.2.8. Мектеп  ішіндегі еңбек  қорғау  ережелерін, техникалық  кәуіпсіздігін және  өрт кәуіпсіздік  ережелерін  сақтау;

3.2.9. Белгіленген  ауқытта медициналық тексерістен өту, еңбек  гигиенасын, санитарлық ережелерін сақтау;

3.2.10. Өзінді жұмыс  орнында және  қоғамдық  ортада  мүдделі  ұстау, ұжымда этикалық қағидасын ұстану, ата-аналарды және ұжым мүшелерін сыйлап, қадірлей білу;

3.2.11. Жұмыс орнын, жиһазды, құрал-жабдықтарды ұқыпты және таза ұстау, мектеп ішіндегі тазалықты сақтау;

3.2.12.Құжаттарды және құнды заттарды белгіленген тәртіп бойынша сақтау;

3.2.13. Электрқуатын, жылу,суды үнемдеп пайдалану, мектеп мүлігін сақтау, заттарды күтіп ұстау;

3.2.14. Құжаттарды дер кезде толтырып, жүргізу;

3.2.15. Оқушылар мен ата-аналардың қадір-қасіретін құрметтеу;

3.2.16. Өз-өзін ұстау, киіну, сөйлеу жағынаноқушыларға үлгі болу;

3.3.  Мұғалім сабаққа дайындалып келеді, онда күнтізбелік-тақырыпты  жоспары және күнбекін сабақ жоспарлары болуы тиіс;

3.4. Мұғалім (тамақтану кестесіне сәйкес) балалардың асханадан тамақтануын ұйымдастырып, қадағалайды;

3.5. Дене тәрбиесі мұғалімі, класс жетекшісі, медициналық қызметші оқушылардың денсаулығы туралы анықтамаларды дер кезде тапсыруын қадағалайды;

3.6. Кітапханашы, класс жетекші оқушылардың оқулықтармен қамтуын ұйымдастырып, ата-аналардың оқулықтар ақысын мезгілінде төлеуін қадағалайды;

3.7. Қызметкер себебсіз жұмысқа келмеген жағдайда өзі немесе туыстары немесе достары арқылы мектеп директорына немесе оның орынбасарына хабарлайды, жұмысқа шыққан күні  не себеппен жұмысқа шықпай қалғандығын  түсіндіреді;

4. ӘКІМШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

4.1. Балалардың мектепте болған кезде және мектепен тыс  іс-шаралар ұйымдастырылғн кезіндегі оқушылардың құқығын сақтау, өмірі мен денсаулығы үшін мектеп әкімшілігі жауапты;  денсаулыққа зақым келген жағдайлар туралы міндетті түрде білім беру басқармасына хабарлау;

4.2. Мектеп  әкімшілігі міндетті:

4.2.1.  Оқушылардың, тәрбиеленушілердің аурудың алдын алу, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ынталандыру жағдайларын жасау;

4.2.2.  Оқушылардың өмірі мен денсаулығын , құқығын сақтауға,  білім беру үшін  қажетті жағдай жасау;

 4.2.3. оқу жүктемесін, мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жүктемесін, санитарлық-эпидемиялық ережелерге және талапқа сай, оқу жоспарын бекіту;

4.2.4.  Мектеп қызметкерлерін оларға мектеп  Жарғысымен жүктелген міндеттерімен, мектеп ішіндегі еңбек тәртібімен, лауазымдық нұсқаулармен қамтамас ету;

4.2.5.  Мектеп қызметкерлерінің еңбегін олардың мамандығы мен біліктілігіне сәйкес ұйымдастыру, әр қайсысына жұмыс орнын бекіту, еңбек ету үшін дені сау және қауіпсіз жағдай жасау;

4.2.6.  Еңбек және өндірістік тәртібін қатаң сақтауды қамтамас етеді;

4.2.7. Жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай жасайды, жұмыс уақытын қолайлы пайдалану және еңбек ұжымының тұрақтылығын қалыптастырады, үнемі тәрбиелеу және ұйымдастырушылық жымыстарын атқарады;

4.2.8. Еңбек тәртібін бұзғандар үшін ұжымның пікірін ескере отырып дер кезде шара қолданады;

4.2.9.  Жұмысқа  ішімдік ішіп келген қызметкерді сол жұмыс  күні міндеттерінен босатып, заңнамаға сәйкес шара қолдану;

4.2.10.  Оқу-тәрбие  процессін жетілдіру үшін жағдай жасау;

4.2.11. Жұмыс сапасын , еңбек мәдениетін көтеру үшін шаралар қолдану, ғылыми  ұйымдастыру еңбегін  енгізу  жағдайын жасау;

4.2.12.  Осы және басқа мектептер еңбек ұжымының тәжірибелі қызметкерлердің озық еңбектерін өздерінің келісімінен енгізу және тарату;

4.2.13.Мектеп қызметкерлерінің жүйелі теориялық және кәсіби деңгейін көтетуін қамтамас ету;

4.2.14.  Белгіленген уақытта педагогикалық қызметкерлерін аттестациялау, жұмысын жасай отырып  оқу орындарында оқуын жалғастыратырудың  жағдайын жасау;

4.2.15.  Дер кезде мектепті керекті жабдықтармен, оқу құралдармен, шаруашылық саймандармен қамтамас ету;

4.2.16.  Еңбек қорғау ережелерін (еңбек келісімінің шарттарын) еңбек заңнамасына сәйкес сақтау, жұмыс жағдайын жақсарту;

4.2.17.  Қызметкерлерден өрт қауіпсіздігі, өндірістік санириясы мен гигиенасын,  қауіпсіздік техникалық ережесін және барлық нұсқауларды сақтауын талап ету;

4.2.18.  Оқушылар мен қызметкерлерді, мектеп мүлігінің қорғауын қамтамас ету;

4.2.19. Ыстық тамақпен қамтамас ету;

4.2.20. Жалақыны белгіленген уақытта беру, қызметкерлердің еңбек төлемі жағдайын жүелі бақылау, жалақы қоры мен қосымша төлем қорының жұмсалуын  қадағалау;

4.2.21. Мектеп қызметкерлерінің күнбекін керек-жарақтарына түсіністікпен қарап,оларға тиісті льгот пен үстемелер алу үшін жағдай жасау, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ықпалын тигізу;

4.2.22.   Жұмыс сапасын тиімді көтеру және жақсарту үшін жағдайын жасау,   дер кезде қорытынды жасау, озық қызметкерлерді  көтермелеу сұрақтарын шешіп,  еңбектерін материалды және рухани қолдау;

4.2.23. Барынша қызметкерлердің белсенділігі мен ынтасын қолдау, еңбек ұжымында іскерлік, шығармашылық жағдайын қалыптастыру;

Жұмысшылар мен оқушылардың жоғарғы киімдері мен басқа да мүліктерінің сақталуына жағдай жасау;

4.2.24.  Дер кезде бар мектеп жұмысшыларына кезекті демалысын беру, демалыс күні немесе мерекелік күні жұмысқа шығуына байланысты басқа күнде демалыс беріп  орнын толтыру, жұмыстан тыс кезекшілік  үшін демалыс беру;

4.2.25.  Қызметкерлердің қамы үшін қызмет ететін кәсіподақ ұйымының  жұмыс  жасауына жағдай жасау;  

4.3.  Өндірістік қажеттілігімен  әкімшілік мұғалімдерге  басқа сабақтарды ауыстырғызады;

  4.4.Мектеп әкімшілігі педагогикалық ұжымының қатысуымен  мектеп мөлтекауданында тұратын мектеп жасындағы балаларды анықтай отыра тіркеуке алып, олардың оқуын  ұйымдастырады және бақылайды;

4.5. Қамқорлық кеңесі арқылы ата-аналарды білім беру ұйымының жұмыстарына қатыстыру;

4.6. Ата-аналарға өз балаларының үлгерімі, тәртібіоқу жағдайы туралы мәліметтер алу үшін жағдай жасау;

4.7.  Оқушылар, мұғалімдер үшін біріңғай киім үлгісіне келісіп, бегіту. Жеке белгі ойлап табу (ту, елтаңба,галстук, белгіше т.б);

5. ЖҰМЫС  УАҚЫТЫ  ЖӘНЕ  ОНЫ  ПАЙДАЛАНУ

Мектепте аптасына бес немесе алты күндік жұмыс белгіленіп, бір немесе екі күндік демалыс қарастырылуы  мүмкін. Жұмыстың басталуымен аяқталуы ауысымның санына қарай әкімшілікпен қарастырыдады;

Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты оку кестесі міндеттері бойынша белгіленеді;

Педагогикалық  мақсатқа лаықты мезгілін ескеріп, оқушылардың ең қолайлы еңбек ету уақыты мен демалысын ескере отырып,  сабақ кестесін мектеп әкімшілігі  құрастырады;

Жаңа оқу жылына мектеп директоры педагогикалық кадрларының оқу жүктемесін мұғалімдердің кәсіби мәліметтерін ескеріп, кадрлардың толымдылығына қарай және оқу жоспарының сағат санына қарай реттейді;

Педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс ұзақтылығы мөлшерлі және мөлшерсіз жұмыс бөлшектерінен тұрады;

Мектеп директорының бұйрығы бойынша мұғалімдерге жүктеме ретінде класс жетекшілігі, кабинет меңгерушілігі, еңбек тәжірибесін ұйымдастыру, кәсіби бағдар, қоғамдық-белсенді жұмыстар, сонымен қатар басқа жүктемелер;

Әкімшілік мұғалімдерге, жүктемесі бір ставкадан артық болмаса, жетісіне бір күн әдістемелік жұмыс күні беріледі, егер бұл оқу процессіне кедергі келтірмесе. Мұғалімнің жұмыс күні оның сабағына дейін 10 минут бұрын басталады;

Қызмет көрсетушілер мен жұмысшылардың  жұмыс уақыты ауысу кестесіне қарай белгіленеді, жұмыстың ұзақтылығына сәйкес бір аптаға немесе басқа оқу мерзіміне қарай. Кәсіподақтың келісімімен мектеп әкімшілігі кестені бекітеді. Кестеде жұмыс уақыты мен үзіліс, және тамақтану уақыты көрсетіледі;

Мереке және демалыс күндерінде жұмыс жасауға тыйым салынған. Кейбір жағдайда заңнамада қарастырылған жағдайда әкімшіліктің бұйрығы бойынша,  (мұғалімдерді, тәрбиешілерді т.б.) кезекшілікке немесе басқа жұмыс түрлеріне кірістіріледі.

Әкімшілік педагогикалық қызметкерлерді мектеп кезекшілігіне кірістіреді. Кезекшілік сабаққа  20 минут қалғанда басталып, сабақтар аяқталғаннан кейін 20 минуттан соң бітеді.  Кезекшілік кестесі  бір белгіленген оқу мерзіміне құрастырылып мектеп директоры кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша бікітеді.Кезекшілік кестесі мұғалімдер бөлмесінде ілінеді. Мектеп ішіндегі кезекшілердің  міндеттері мен құқықтары бөлек белгіленген;

Демалыс уақыты, яғни кезекті демалыспен сәйкес келмегені үшін педагогикалық қызметкерлерге жұмыс уақыты болып есептеледі. Бұл кезеңде  мектеп әкімшілігі олардың демалысқа дейінгі  орташа оқу  жүктемесін ескеріп жұмыс уақытын белгілейді.  Демалыс кезінде еңбек ұжымы жергілікті білім беру ұйымымен келісіп бескүндікке  ауысуға болады.

Мұғалімдердің және тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі оқу тоқсанында екі реттен өткізілуі  тиіс. Жалпы ата-аналар жиналысы жылына бір рет, класс жиналысы – жылына төрт рет өткізіледі;

Мектеп ұжымының жиналысы, педагогикалық кеңес отырысы және мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің  ұзақтылығы, ереже бойынша екі сағаттан артпауы керек, ата-аналар жиналысы-1,5 сағат, оқушылар жиналысы -1 сағат, үйірме сабақтары, секциялар  -45 минуттан 1,5 сағатқа дейін   өткізіледі;

Жұмысқа шығуын және жұмыстан кетуін бақылауды  мектеп әкімшілігі ұйымдастырады. Егер оқытушы немесе жұмысшы қандай да бір себеппен жұмысқа шықпай қалған    жағдайда мектеп әкімшілігі  оны басқа бір оқытушыға немесе жұмысшыға ауыстыру қажет;

Бөгде адамдар сабаққа директордың немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана  қатыса алады. Сабақ басталып кеткеннен кейін тек кейбір жағдайда мектеп директоры және оның орынбасары  ғана кіре алады. Сабақ үстінде педагогикалық қызметкерлерге оның жұмысы жөнінде, әріптестердің және оқушылардың көзінше ескерту жасауға болмайды;

Оқу бөлмелері сабаққа қоңырау соғылғанға дейін ашылады;

Мектеп әкімшілігіне тыйым салынады:

Оқу жылы барысында оқушыларды оқу процессіне қатысы жоқ жұмыстарға араластыру.  Мектеп оқушыларын кейбір жағдайда спорттық жарыстарға, олимпиадаларға, сайыстарға, қоғамдық тапсырмаларға және басқа шараларға сабақтан босатуға болмайды;

Оқу кезінде педагогикалық қызметкерлер мен мектеп басшыларын олардың құзырлығына сәйкес келмейтін қоғамдық  тапсырмалар мен әр түрлі шаралар үшін жұмыстана  кедергі келтірмеу;

 Қоғамдық істер бойынша жұмыс уақытында  жиналыстар мен отырыстар және басқа кеңестер өткізуге;

Педагогикалық  және басқа қызметкерлерге тыйым салынады:

Өз білгенінше сабақ кестесін өзгертуге;

Сабақты  қысқартуға, ұзартуға немесе  өткізбей тастуға, сабақ  арасындағы  үзілістерді  ұзартуға болмайды;

Оқушыларды  сабақтан  шығарып  жіберуге;

Мектеп  ішінде  шылым  шегуге;

Педагогикалық  жұмысшаларына  еңбек   демалысы, ережеге  сай     жазғы демалыс кезінде  беріледі.  Жыл сайын берілетін  еңбек  демалысы,  мектеп жұмысының қалыпты   жағдайын  қамтамасыз ету    және  жұмысшылар  демалысын қолайлы  жағдайын  ескере  отырып  демалыс  кезегі  мектеп  әкімшілігімен тұрақталады. Мектеп директорына кезекті  еңбек  демалысына   лайықты  білім беру органдары  бойынша  бұйрықпен  шығарылады, басқа  жұмысшыларға  мектеп  бұйрығы  бойынша.

Оқу  кезінде  ақылы  демалыс  санаторлы –курорттық  емделуіне, жанұя  жағдайына  байланысты беріледі, егер  орнын ауыстыратын мүмкіндік  болса.

Ақысыз  демалыс  жыл  бойы  әкімшіліктің  келісімі  бойынша    беріледі. Берілген  демалыстың жалпы   мерзімі, еңбек  демалысынан аспауы  қажет. 

6. АТА –АНАЛАР  ЖӘНЕ  БАСҚА  ЗАҢДЫ  ӨКІЛДЕР

6.1.  Ата –аналармен  жұмыс – оқу – тәрбие  процесінің  біртұтас бөлігі

Ата-аналар балаларының  өмірі мен  біліміне  қауіпсіз  жағдай жасайды, олардың  интеллектуалдық   және физиологиялық  қабілеттерінің, рухани  болысының   дамуын  қамтамасыз  етеді.

5 жастағы балаларды мектепалды даярлық тобымен  қамтамасыз етеді, 6 жастан  бастап    мектепке  орналастырады. 

Балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында  білім  беру  мекемелеріне  ықпалын  тигізеді.

Балалардың сабақ қа қатысуын және мектеп формасын киюді қадағалайды;

7. ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЕРЕЖЕ

7.1    Жан-жақты білім алып, болашақ іргесін қалаушы ретінде Отанның лайықты азаматы болатын оқушылардың міндеттері:

7.1.1.  Сабақ кестесіне сәйкес оқу сабағына келу;

7.1.2. Оқу бағдарламасы негізінде белгіленген ғылымдарды терең және жүйелі түрде меңгеру;

7.1.3.  Өзінің мәдени деңгейін көтеру;

7.1.4.  Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу;

7.1.5.  Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

7.1.6.  Мектеп мүліктеріне мұқият қарап, оны сақтап және көбейту;

7.1.7.  Тәртіпті бола тұра, басқа оқушылардан да тәртіпті талап ету;

7.1.8.  Ұжымның пікірін және  сенімін қадірлей білу, қоғамдық жастар ұйымының тапсырмаларын орындау;

7.1.9.  Жолдастары мен үлкендердің ақылын  және ескертпелерді мұқият тындап, өз қателерінді мойындап, нәтиже шығару;

7.1.10.  Сабаққа үй тапсырмасын орындап, оқуға қажет құралдарын дайындап келу;

7.1.11. Өз уақытын үнемі пайдаланып, ұқыпты болу;

7.1.12.  Мектеп мұғалімдері мен басқа да жұмысшылардың берілген тапсырмаларын уақытында орындау;

7.1.13.  Ата-ананы,басқа да жанұя мүшелерін сыйлап, оларға қамқор көрсетуге,үй жұмыстарына көмектесу, отбасындағы тәртіпті сақтау;

7.1.14.  Кішкентай балаларға, үлкендерге, ауруларға, мүгедектерге қолдау көрсету;

7.1.15. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және оқу үдерісіне кері ықпалын тигізуіне байланысты мектепте смартфон қолдануына тыйым салынсын.

7.2.  Сыртқы келбетіне қойылатын талаптар:

7.2.1.  Ұқыптылық пен тазалықты сақтау, таза аяқ киім, шаштарын  көзге оғаш түспейтіндей ;

7.2.2.  Санитарлық талапқа сай екінші аяқ киім мектепте міндетті түрде болуы тиіс;

7.2.3.  ҚР БҒМ 2016ж 14.01. №26 бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша міндетті түрде мектеп формасын кию. Спорттық форма және спорттық аяқ киімнің болуы міндетті. Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда мұғалім, әкімшілік, класс жетекшісі оқушыны үстін дұрыстап келу үшін үйіне жіберіп, ата-аналарына хабарлауға қақылы;

7.2.4.   Мектеп ішінде денені жалаңаштап жүруге (ішін,белін, төсін т.б.), хиджаб киюге, ашық көзге оғаш көрінетін косметикалар, әшекейлер пайдалануға, пирсинг тағуға қатаң тыйым салынады;

7.3. Сабақ үстінде өзін-өзі ұстау ережелері:

7.3.1. Оқушылар класқа сабақ басталғанға дейін келу керек;

7.3.2.  Егер кешігіп қалса, кешіккен себебін класс жетекшісіне түсіндіруге міндетті. Егер 15 минутқа жағдайда директор орынбасарының атына түсініктеме жазады;

7.3.3.  Сабақтың басында оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады. Сабақтың аяқталуын күтпей кабинеттен шығу үшін мұғалімнің рұқсатын алу керек;

7.3.4.  Сабақ үстінде оқушылар тек қана оқуменен айналысып, мұғалімдерге, достарына құрметпен қарап сабаққа кедергі келтілмеуі керек;

7.3.5.  Сабақ үстінде шулап, басқаларға және өзіне әңгімелермен,ойынмен, сабаққа еш қатысы жоқ шаруалармен кедергі келтірмеу.  Сабақ уақыты тек қана оқу мақсатына жұмсалуы қажет;

7.4.  Мектеп ішінде оқушылар тек қана келешек мамандығы және оқуға қатысты, кітапханада, үйірмелерде,  факультативтерде сабақтан бос уақыттарын өткізуге болады;

7.5. Оқушылар сабақтан  себепті  қалуы: ауру(дәрігерлік анықтама), әскерге шақыру қағазы (военкомат), ата-аналардың арызы, баласы не себеппен сабақтан қалды, мектептен тыс шараларға, спорттық жарыстарға қатысуы туралы анықтама;

7.6.  Ішкі тәртіпті бұзғаны үшін оқушыларәңгімелесу және шешім қабылдау үшін мектеп әкімшілігіне шақырылады:

- ата-аналарға ескертеді;

- ата-аналарды мектепке шақыртады;

- мектеп пспихологімен, медициналық қызметкермен әңгімелесуге шақыртылады;

- Класс, мектеп, ата-аналар комитетінің отырыстарына шақыртылады;

- педагогикалық, әкімшілік отырысына шақыртылады;

8. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ОҚУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:

8.1. Еңбек тәртібін бұзғаны немесе жұмысшыға міндеттелген жұмысын керекті дәрежеде атқармағаны үшін, тәртіптік немесе қоғамдық шара қолданады, және басқа да заңнамаға сәйкес шара қолдануы мүмкін;

8.2. Еңбек  тәртібін бұзғаны үшін оқу орнының әкімшілігі келесі тәртіптік шаралар қолданады:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- жұмыстан босату;

8.3. Егер қызметкер жұмыстан себепсіз қалса, себепсіз қалдырған күндері кезекті  демалыс күндерінен  шегеріледі, бірақ  кезекті  демалыс  екі жетіден  кем  болмау  тиіс.   Себепсіз  жұмыстан қалған  күндер  есептелмейді. Жұмыс  кезінде  себепсіз  үш сағаттан артық  болмаған күні, жұмысқа  шықпағанмен  теңеледі, жауапкершілік  шаралар  қолданады. 

8.4. Тәртіптік  жазаны директор  немесе оның орынбасары  бұйрық ретінде  шығарады.  Тәртіптік  шараны  қолданудын  орнына   мектеп  әкімшілігі  еңбек   тәртібі  бұзушылығының сұрағы  бойынша  кәсіподақ  ұйымында  немесе  еңбек   ұжымында  қарастырылады.   

8.5.  Шараны  қолданбастан  бұрын   еңбек  тәртібін бұзушыдан  жазбаша  түрде  түсініктеме  талап етіледі. Жұмысшы  түсініктеме  беруден  бас  тартса да, бұл оны  жауапкершіліктен  босатпайды. 

8.6. Әр еңбек  тәртібін  бұзғаны  үшін  бір ғана  тәртіптік  жаза  қолданылады.

8.7.  Оқушыларға қатысты    тәрбиелеу функциясының міндеті атқаралмаған  жағдайда, аморалді ісі  үшін  жұмыстан  шығарылады. Аморалды  іс  дегеніміз оқушыға  қол  жұмсағаны.

8.8. Тәртіптік  жазалау  ретінде, немесе  аморалды  ісі  үшін  жұмыстан  шығу және  күш қолдану мен  психологиялық мәжбірлеу  жағдайда  кәсіподақ   үйымының келісімісіз жұмыстан  шығарылады. 

9. ЖҰМЫСТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҮШІН  МАДАҚТАУ

9.1. Еңбек   міндеттерін  үлгілі  атқарғаны,  жастарды  оқыту  және  тәрбиелеу, міңсіз  жұмыс, басқа да   жетістіктері  үшін  келесі  көтермелеулер қолданылады:

Алғыс  жариялау;

Бағалы  сыйлықпен  мадақтау;

Құрмет  Тақтасына, құрмет Кітабына  енгізу;

Құрмет  грамотасымен  мадақтау;

Квалификациялық  санатын  көтеру;

Үкімет немесе басқа мадақтамаларына ұсыну.  Мадақтаиаларды  әкімшілік пен кәсіподақ ұйымымен бірлесіп қолданады;

9.2. Ерекше еңбек еткені үшін қызметкерлер  орден, медаль  немесе Құрмет дәрежелеріне жоғарғы органдарға ұсынылады;

9.3. Көтермелеулер бұйрықта жарияланып, мектеп ұжымына жеткізіліп, жұмысшының еңбек кітапшасына енгізіледі;

9.4.  Жұмысын үлгілі және жауапты атқарғаны үшін жұмысшыларға саяси-мәдениеттік және тұрмыстық-жағдайы жағынан жеңілдіктер (санаторияға, демалыс үйлеріне жолдамалар беріледі, тұрмыстық жағдайларын жақсартады, т.б.) көрсетіледі.

ДИРЕКТОР
Нияз Ұлан Қомшыбайұлы
Жазу
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) Толығырақ
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау Толығырақ