Ақтөбе қ., Қурайлы а., Жеңіс көш., 37

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақтөбе қаласының № 59 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Меню

Жарғы

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақтөбе қаласының №59 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1. Жалпы ережелер

  1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №59 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыру функцияларын іске асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің түрі: жалпы білім беретін орта мектеп
  3. «Ақтөбе қаласының №59 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1972 жылы құрылып, Ақтөбе қаласы Әкімдігінің 2015 жылы 11 желтоқсанындағы   № 4809 қаулысы негізінде атауы өзгертілді.
  4. 4. «Ақтөбе қаласының №59 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақтөбе қаласының Әкімдігі болып табылады (бұдан әрі  - құрылтайшы).
  1. Тиісті саланың уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы), ал мекеменің мемлекеттік мүлкін басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі  - мемлекеттік  мүлік  жөніндегі  уәкілетті  орган).
  2. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №59 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме).
  3. Мекеменің орналасқан жері: индекс 030013, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қурайлы селосы, Жеңіс көшесі, 37, телефон 87132980102.

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған уақытынан бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4.  Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша  Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
  5. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Мекеме қызметінің мәні - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым жетістіктері мен оның тәжірибесі негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
  2. Оқушылардың жалпы ғылыми және мәдени дайындықтарын қалыптастыру, мамандықты саналы түрде таңдау үшін негіз қалыптастыру, қоғамның шығармашылық қуатын дайындау, мектеп оқушысының жеке тұлғасын, ар-намысын қадірлеу, оған сену, оның жеке мақсаттары мен мүдделерін қабылдау мекеме қызметінің мақсаты болып табылады.
  3. Мақсатқа жету үшін мемлекеттікмекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыру;

- білім беру мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру;

- оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу құралдар, ғылыми, әдістемелік, анықтамалық әдебиеттерді әзірлеу;

- психологиялық диагностика мен тестілеу өткізу;

- семинар, конференция, байқау, олимпиадалар ұйымдастыру;

- концерттер мен көрмелер ұйымдастыру;

- білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

- тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке бастың дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;

- азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

- белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

-әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

- мемлекеттік тілді, орыс, шет ел тілдерін меңгеру;

- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруда демократияландыру және орталықсыздандыру;

- қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

- оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану және ендіру;

- оқушылардың кәсіптік бағдарлануын жүзеге асыру;

- қосымша білім беру, сауықтыру, спорттық қызметтерді көрсету (оның ішінде ақылы);

Коммуналдық  мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Білім беру мекемесінің міндеттері:    

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі.

16.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке  әкеледі.

4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме келесі функцияларды іске асырады:

  1)  Мектепті құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

  2)   Коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды       жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының  заңнамасымен бекітілген тәртіппен келесі функцияларды  жүзеге асырады:

1)  мектеп атына мүлікті бекітеді;

2)  мектеп  мүлігінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

19.1. Мектепті жалпы басқаруды тиісті саланың Уәкілетті органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)  Коммуналдық мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны    лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

4) Коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

5)  жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

6)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті  органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  2. Мекеменің басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, тиісті саланың уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
  3. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;

3) келісім-шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті  саланың  уәкілетті    орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алады және олардың орта білім алуына дейін оқытылуын ұйымдастырады;

12) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қамқорлығын және қорғаншылығын ұйымдастырады, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық мекемелерге орналастырады;

13) өз құзыретіне сай оқу-тәрбие процесі  мазмұнының  мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігіне мерзім сайын бақылауды ұйымдастырып, өткізіп отырады;

14) мектептің оқу жоспарлары бекітеді, өз құзыретіне сай мектептің аттестациясын өткізеді;

15) әдістемелік  қамтамасыз етуді жоспарлап, ұйымдастырады;

16) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен  және тиісті саланың уәкілетті органымен  жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

23.1. Мекеменің  құрылымы педагогикалық кеңеспен жасалады және Құрылтайшымен келісім бойынша мектеп директорына бекітуге ұсынылады.

Басқару Білім беру туралы Заңға, мектеп Жарғысы мен мектеп туралы Ережеге сәйкес адами құндылықтардың басымдық, жариялылық, демократиялық принциптерімен адам өмірін, денсаулығын қорғау және жеке тұлғаны дамыту бағытында жүзеге асырылады.

Еңбек ұжымын мектептің барлық қызметкерлері құрайды. Еңбек ұжымының өкілеттілігі оның мүшелерінің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жиналысқа мектеп қызметкелерінің үштен екі бөлігі қатынасқан жағдайда ол заңды болып есептелінеді.

23.2.Мектепті жалпы басқару сайлаушы орган - мектеп Кеңесімен жүзеге асырылады. Оның мүшесі – педагогикалық ұжымнан,  ата-аналардан,  9-11 класс оқушыларынан болады.

Мектеп Кеңесіне мүшелікке мектеп қызметкерлерінің жалпы жиналысында (педагогикалық кеңесте) таңдалынады (саны шектеусіз, бірақ он екі адамнан кем болмауы тиіс).

Ата-аналардан үміткерлер жалпы мектептің ата-аналар жиналысында немесе сыныптың ата-аналар жиналысында сайланады (саны ерікті, бірақ 6 адамнан кем болмауы тиіс).

Оқушылардан үміткерлер 9(10)-11(12) сынып оқушыларының жалпы жиналысында немесе сынып жиналыстарында анықталады (саны ерікті, төртеуден кем болмауы тиіс).

23.3.Коммуналдық мемлекеттік мекеме Кеңесінің өкілеттілігі:

а) Мектептің даму Тұжырымдамасын бекіту жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.

б) Мектептің жергілікті актілерін бекітеді:

  • оқушыларға арналған талаптар,
  • құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер,

в) директор немесе құрылтайшы құзыретіне қатысты емес мектеп өміріндегі басқа да маңызды сұрақтарды шешуге қатынасады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме Кеңесінің отырысы төрағасының немесе Кеңес мүшелерінің жартысының талабы бойынша қажет жағдайда, жарты жылдықта бір рет (кем болмауы тиіс) шақырылады. Кеңес шешімі ашық дауысқа салумен қабылданады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Кеңесінің шешімі отырысқа мүшелердің үштен екі бөлігін қатынасқан кезде ғана заңды болып есептеліп, кеңестің тізімдегі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда шешім қабылданады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме Кеңесінің өкілеттілігі бойынша қабылданған шешімдер мектеп ұжымының барлық мүшелеріне және әкімшілікке міндетті болып саналады. Мектеп Кеңесінің отырыстарында  хаттамалар жүргізіледі, Кеңес төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, мектеп іс-қағаздарында сақталады.

23.4. Күрделі педагогикалық және әдістемелік мәселелерді, оқу-тәрбие процесін зерттеуді ұйымдастыру және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және зерттеу мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогикалық кеңес жұмыс жасайды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұжымының жалпы жиналысы (педкеңес) мына жағдайларға құқылы:

а) Жарғыны жасайды және талдайды;

б) Коммуналдық мемлекеттік мекеме кеңесінің сайлаулары бойынша екі жылда бір рет конференцияға делегаттар сайлауға;

в) Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін» талқылап, бекітуге.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің барлық педагогикалық қызметкерлері және қосымша қызметтегі мұғалімдер педагогикалық кеңестің мүшелері болып табылады. Директор педагогикалық кеңестің төрағасы болып табылады. Ол педагогикалық кеңестің хатшысын бір жылға өз бұйрығымен тағайындайды.

23.5. Педагогикалық кеңестің құзыры:

а) педагогикалық кеңес жөніндегі ережеге сәйкес қызметін жүргізеді;

б) ұсыныстар мен сыни ескертпелердің орындалуына бақылау жасайды;

в) мектептің ішкі тәртібі ережелерін белгілейді;

г) оқушыларды қорытынды, аралық аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді;

д) әр тоқсанда бір рет өткізіліп, хаттамамен рәсімделінеді.

  • Кәсіподақ комитеті:

- мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ұжымдық еңбек шартын жасайды;

       - директормен бірлесе отырып, қызметкерлерді материалдық жақтан мадақтау және педагогтердің оқу жүктемесі мәселелерін шешеді.

23.6.Коммуналдық мемлекеттік мекеме ерікті түрде оқушылардың өзін-өзі басқару органдары мен оқушылар ұйымдары жұмыс жасауына болады (жоғары сынып оқушыларының Кеңесі). Олар оқушылардың өзін-өзі басқару органдары туралы Ережеде көрсетілген өкілеттілікке сәйкес басқаруға қатынасады.  

23.7. Басқару органдарының оқушылардың мүддесіне қатысты сұрақтарды талдау кезінде отырыстарына мектеп оқушылар ұйымының өкілін қатыстыра алады және оқушы ұйымдарына қажетті ақпараттар ұсына алады.

23.8. Қоғамдық ұйым ретінде мектепте сынып және мектептің жалпы ата-аналар комитеттері жұмыс жасайды. Сыныптардағы ата-аналар комитеті жиналыс шешіміне сәйкес сайланады. Сайланған мүшелерден төраға мен хатшы таңдап алынады.

23.9.Коммуналдық мемлекеттік мекеме ата-аналар комитетінің құзыры:

а) кез-келген формада материалдық көмек қажет оқушыларға үміткерлерді талқылап, тізімін бекітеді;

б) мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы шешуші даусы бар мектеп Кеңесінің мүшесі болып саналады;

в) ата-аналар комитеті Ереже негізінде жұмыс жасай алады. Барлық ата-аналар комитеттері мектеп өмірінің мәселелерін талқылауға, ұсыныс ретінде шешім қабылдауға құқылы.

г) ата-аналар комитеттері өз отырыстарын мектептің  іс-қағаздарында сақталатын хаттамалармен рәсімдейді.

23.10. Сол сияқты пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, ғылыми-әдістемелік кеңес, қорғаншылық кеңесі сияқты алқалық кеңестер құрылуы мүмкін, олардың жұмыстары ҚР Заңдарына сәйкес құрылымдық бөлімдер Ережесімен реттеледі. Барлық алқалық органдардың жұмысы мектептің Үлгі ережелеріне сәйкес реттеледі.

  • Қамқоршылық кеңес

23.11.  Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарында құрылады.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

23.12.  Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау

органдарының өкілдері,  ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі, қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

       Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

23.13.  Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

              білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

       Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

23.14. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

     Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.

        Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.

        Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.

Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері: білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге; беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге; спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға жұмсалады

23.15. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату

     Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

      2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

     Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

      1) өз бастамасы бойынша;

      2) білім беру ұйымындағы орнында үш ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.

  • Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі

23.16. Бірінші класқа жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегіне дейін 6 (7) жасқа толған балалар қабылданады. Өтініштер қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

23.17. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар үшін үйде немесе емдеу мекемелерінде ақысыз дербес оқыту ұйымдастырылады (ҚР “Білім туралы” Заң 8б., 5т.).

23.18. Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қабылдау ата-аналарының (немесе заңды өкілдерінің) жазбаша өтініші, дәрігерлік анықтама, туу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

23.19. Оныншы бейіндік кластарға қабылдау оқушының оқытудағы  қызығушылығы, бейімділігі және қабілеттілігі ескеріліп, оқушының жеке арызы, ата-ананың келісімі (заңды өкілдері) және мекенжайы ескерілместен, негізгі білім туралы құжаты негізінде жүргізіледі.

23.20. Оқушыларды қабылдау кезінде мектеп ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді Жарғымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен, ішкі тәртіп ережелерімен және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.

  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

23.21. Мекеме төмендегідей білім беру бағдарламаларын ұйымдастырды:

- бастауыш жалпы білім – нормативті мерзімі - 4 жыл (1-4 сыныптар);

- негізгі жалпы білім – нормативті оқыту мерзімі - 5 жыл (5-9 сыныптар);

- жалпы орта білім – нормативті оқыту мерзімі – 2 жыл (10-11 сыныптар).

Білім алушылардың сабақтарының тәртібі төмендегідей:

Мектепалды даярлық  сыныбының күн тәртібі

Сағат 9.00 - сағат 11.30

1-кезең – сабақтың басталуы -8.15;

2-кезең – сабақтың басталуы -13.10;

Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. 5-11 сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.

23.22.Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу процесін ұйымдастыру базистік оқу жоспарының, сабақ кестесімен реттелетін мектептің өзі жасаған базистік оқу жоспарының негізінде құрылады. Мектептегі сабақ  кестесі  мектеп директорымен немесе оның міндетін атқарушымен бекітіледі.

23.23.Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

23.24. Негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын игеру ҚР-ның Білім және ғылым министрлігімен бекітілген ережемен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мектеп бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

23.25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме білім алушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртібін және мерзімін таңдауда дербестік таныта алады.

23.26. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) қалауы бойынша жалпы білім беру бағдарламаларын немесе олардың бір бөлігін игеру үшін күндізгі білім алу, экстернат және қашықтықтан білім алу нысанында оқуға жағдай жасауға ықпал етіп, көмек көрсетеді.

23.27. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кластардың саны санитарлық нормалардың талаптары мен жалпы білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына байланысты анықталады. Кластардың толымдылығы 24 адамнан кем емес мөлшерде белгіленеді. Қажетті жағдайлар мен жабдықтар болған жағдайда кластарды аз мөлшердегі толымдылықпен комплектілеуге болады.

23.28. Коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі тәртіп оқушылардың және педагогикалық қызметкерлердің адамгершілік абыройын құрметтеу негізінде жүзеге асады. Оқушыларға дене және психикалық қысым көрсетуге жол берілмейді.

23.29. 16 жасқа толмаған балалар орта білім беру мемлекеттік ұйымынан ерекше жағдайларда ғана, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымының мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша шығарылады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару шешімі қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен қабылданады.

23.30.Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдар­ламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеле­нушілердің патриоттық, азаматтық, интернацио­налдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығу­шылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

23.31.Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристік және халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған прин­циптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихат­тауға тыйым салынады.

23.32.Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.

23.33.Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери дайындығы - жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында іске асырылады.

23.34.Білім беру ұйымы ата-аналар мен кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысы мен мазмұнымен, сонымен қатар білім алушылардың үлгерімімен танысуға мүмкіндік береді.

23.35.Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жылы қыркүйек айының бірінші күнінен басталады, егер де бұл күн жексенбіге сәйкес келсе, онда оқу жылы одан кейін бірінші жұмыс күнінен басталады. Оқу жылы 1 кластар үшін 25 мамырда,оқу жылының ұзақтығы:33 апта.

 2-11 кластар үшін 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы:34 апта, МАД топтарында 33апта.

23.31.Каникул уақыты әр жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен айқындалады.

23.36.Бірінші кластарда балалардың мектеп талаптарына бейімделуін жеңілдету мақсатында 1-ші кластарда оқу жүктемесін біртіндеп өсірілетін сабақтардың «сатылы» тәртібі енгізіледі, яғни І,ІІ тоқсанда – 35 минут, ΙІΙ тоқсаннан бастап ұзақтығы – 40 минут.

23.33.ҚР Білім және ғылым министірлігінің 08.11.2012 жылғы №500 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік стандартқа сәйкес жекеленген пәндер оқытуда кластарды екі топқа бөлу жүзеге асырылады.

23.37.2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптар  жаңартылған білім мазмұнына көшеді.

23.38.Оқушылар мен ата-аналардың мүдделерін ескере отырып және қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен кластарда қосымша пәндер енгізілуі мүмкін.

  • Білім деңгейін ағымдық бақылау, оқушылардыаралық және қорытынды аттестаттау жүйесі

23.39.Жалпы орта білімді игеру ол туралы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ережелер тәртібі бойынша жүзеге асырылатын мектеп бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

23.40.Аралық аттестаттаудың формасы мен өткізілу тәртібін мектеп белгілейді.

23.41.Білім деңгейін ағымдық бақылау класс журналының және оқушылар күнделігінің негізінде жүргізіледі. Білім бағдарламасын толық меңгерген оқушылар келесі класқа көшіріледі. Оқу мерзімінің жартысынан көп уақытын олардың жағдайына тәуелсіз себептермен жіберген оқушылар аттестатталмайды.

23.42.Ағымдық аттестаттау формасын мұғалім анықтайды. Тоқсандық немесе жартыжылдық баға ережеге сәйкес бақылау, практикалық және өзіндік жұмыс бағаларының арифметикалық ортасынан аспауы қажет.

23.43.Білім алушылар мемлекеттік емтиханнан ауруына байланысты медициналық комиссия қорытындысы негізінде босатылады. Емтиханнан босатуға құқық беретін аурулар тізімін  ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілейді.

23.44.9 класс көлемінде білімді аяқтаған білім алушыларға негізгі орта білім туралы куәлік беріледі.

23.45.11 класс көлемінде білім алған оқушылар жалпы орта білім туралы куәлік алады.

  • Қосымша ақылы білім беру қызметінкөрсетудің тізбесі мен тәртібі

23.46.Мекеме ҚР Үкіметінің  2009 жылдың 20 шілдесінде бекітілген №1102 «Мемлекеттік  білім беру мекемелерінде тауарларды (жұмыс, қызмет) жүзеге асыру бойынша ақылы қызмет көрсету Ережелері» қаулысына  және басқа нормативтік-құқықтық құжаттардың  рәсімделуіне қайшы келмейтін қосымша ақылы білім беру қызметін көрсете алады.

23.47.Мемлекеттік мекеме білім берудің мемлекеттік жалпы білім беретін стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде мынадай қызметтер көрсете алады:

- қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнерсаласындағы бейінділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру.

- оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

- пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру.

- білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар  ұйымдастыру және өткізу;

- музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;Қызметтер көрсететін білім беру ұйымы, білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар және қызметтер ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

- білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

- оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте, төлем сомасы жалақының ұлғаюы және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен артық емес өзгертілуі мүмкін.

23.48.Қосымша ақылы білім беру қызметіне жататындар:

- қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қызметтер;

- арнайы курстарды және пәндер циклын қосымша оқыту түрі бойынша қызметтер;

- репетиторлық қызметтер (жекелеген оқушылармен оқу жоспарындағы сағаттардан тыс қосымша сабақтар өткізу);

- үйірме жұмыстарын ұйымдастыру қызметі (базистік оқу жоспарынан тыс);

- басқа да ақылы қызметтер.

 23.49. Ақылы қызметтер мемлекеттік білімдік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетілмейді.

 23.50.Ақылы білім беру қызметі мемлекеттік стандартының негізінде жасалып, эксперт кеңесімен келісілген және Ақтөбе қаласының білім бөлімімен бекітілген оқу жоспары бойынша ұсынылады.

23.51.Базалық оқу жоспарынан түскен артық  ақша қызметкерлерге өткізген сабақтары үшін бекітілген жалақы, қосымша үстеме ақы және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдерге және шаруашылық шығындарына, жабдықтар мен мүліктер сатып алуға жұмсалады.

23.52. Қосымша ақылы білім беру қызметінің тізімі қалалық эксперттік комиссияның шешімі және Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бұйрығы негізінде мектеп бұйрығы бойынша бекітіледі.

23.53.Оқу жоспарын Ақтөбе қаласының білім бөлімінің келісімі бойынша мектеп директоры бекітеді.

23.54.Мектеп директоры ғылыми-әдістемелік жетекшілікті қосымша орындайды.

23.55.Штаттық кестені Ақтөбе қаласының білім бөлімімен келісе отырып бекітеді.

23.56. Ақылы қосымша білім беру қызметі оқушыларға ата-аналарының қалауы бойынша мектеп пен ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің арасында жасалған келісім-шарт негізіндегі бөлек сабақ кестесі бойынша ұсынылады.

23.57.Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарлар (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалары Қазақстан Республи­касының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

23.58. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиелену­шінің), оның ата-анасының немесе өзге да заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

  • Мекеме мен оқушылардың, олардың ата-аналарыныңқатынастарын реттеу мен рәсімдеу

23.59. Мекеменің жұмысы жергілікті актілердің келесі түрлерімен реттеледі:

         - Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтары;

          - Білім беру басқармасы органдарының бұйрықтары;

          - Мектеп директорының бұйрықтары мен жарлықтары;

          - Ішкі тәртіп ережелері.

23.60 Білім беру үрдісі қатысушылары, олар оқушылар, мектептің педагогикалық қызметкерлері, оқушылардың ата-аналары (немесе өзге де заңды өкілдері) болып табылады.

23.61. Жаңадан келген әрбір балаға жеке іс-қағазы толтырылып, ол аталмыш мектепте оқушының білім алуының барлық мерзімінде толықтырылып отырады және сақталады. Басқа мектептен ауысып келген оқушылар жеке арыз, жеке іс-құжат, дәрігерлік анықтама және басқа білім беру мекемесінен келгендігі туралы құжат негізінде қабылданады.

23.62.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушыларына ұлты, жынысы, тілі, жасы, денсаулық жағдайы, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, мекенжайы, дінге қатынасына және нанымына тәуелсіз білім алуына кепілдік беріледі.

23.63.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушыларына мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде жалпы білімді тегін алуына кепілдік беріледі.

23.64.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушыларының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға, қосымша білім беру қызметтерін алуға, өзін-өзі басқару кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдар арқылы оқушылар ұжымын басқару істеріне қатысуға, ар-ождан бостандығына, адамгершілік абыройының құрметтелуіне, ақпараттар бостандығына, жеке адам мүддесіне қол сұқпаушылыққа, өзінің пікірін және білімді әділ бағалау сеніміне құқығы бар.

23.65. Оқушыларды қоғамдық-саяси ұйымдарға, қозғалыстарға мәжбүрлеп кіргізуге, сонымен қатар оларды осы ұйымдардың жұмысына мәжбүрлеп тартуға және үгіттеу компаниялары және саяси ағымдарға мәжбүрлеп қатыстыруға жол берілмейді.

23.66.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушыларының білім беру бағдарламасын тиісінше жүзеге асыратын басқа білім беру мекемесіне білім беру мекемесінің келісімімен және аттестаттаудан сәтті өтсе ауысуына құқығы бар.

23.67.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқу-тәрбие процесі оқушылардың денсаулық жағдайын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Мектепте сырқаттанудың алдын алу, денсаулықты нығайту, денесін жетілдіру, тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына тәрбиелеуде қажетті шараларды орындау қамтамасыз етіледі.

23.68.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушылары білім беру бағдарламаларын өз еркімен мемлекеттік стандарт шеңберінде және одан жоғары көлемде меңгеруге, мектептің өміріне және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді қатысуға, мектептің ішкі тәртібінің ережесін және Жарғысын орындауға міндетті.

23.69.Жоғарыда баяндалған құқықтарды жүзеге асыру қоғамдық тәртіпті бұзушылық, ізгілік нормалары және денсаулықты қорғаудың басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары нормаларын бұзумен үйлеспейді.

23.70. Мектеп оқушыларының міндеттері:

  • ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
  • педагогтардың негізделген талаптарына бағыну;
  • класта және жұмыс орнында тазалық сақтау, мектептің мүлкін ұқыпты ұстау;
  • кішкентайларға қамқорлық жасау;
  • салауатты өмір салтын жүргізу, мәдени деңгейін көтеру, қоғамға жат әрекеттердің көрініс алуына шыдамсыздықпен қарау;
  • денсаулығын нығайту, дене тәрбиесімен айналысу, өзін белсенді ғылыми жұмысқа дайындау;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
  • мектеп формасын кию, спорттық киімдер мен екінші аяқ киімі болуға тиіс.

мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.Бас киімдер киюге, оның ішінде:  (телпек, орамал, кепка, бейсболка, төбетей, және т.б.) тыйым салынады.

  • «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығын басшылыққа алу.
  • білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға ішкі тәртібінің ережелерімен көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.

23.71. Оқушыларға тыйым салынады:

  • Мектепке қару, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерін, токсикологиялық және наркотикалық заттарды әкелуге, басқа біреуге беруге, қолдануға;
  • Жарылысқа және өртке әкеліп соқтыратын кез - келген заттарды қолдануға;
  • Қарым-қатынасты шешу үшін, қорқытуға, күш қолдануға;
  • Итеру, бір нәрсені лақтыру, қорқыту арқылы талап ету, зорлық жасау сияқты айналадағыларға қауіпті кез келген әрекеттер істеуге.

23.72.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушылар ұжымының жұмысы мектептің Кеңесімен ұйымдастырылады. Оқушылар кеңесінің жұмысы оқудың сапасын көтеруге, тәрбие жұмыстарын арттыруға, оқушыларға қатысты қаржы мәселелерін шешуге, мектептің материалдық-техникалық базасының сапалылығына, қоғамдық пайдалы еңбекке, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

23.73.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушылары кеңесінің шешімі егер ол Қазақстанның Білім беру саласындағы заңдылықтарына және осы Жарғыға қайшы келмеген жағдайда, барлық оқушыларға орындауға міндетті сипаттағы шешім болып табылады.

23.74.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушылары өзіне-өзі қызмет көрсетуге және қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне жасы, жынысы, дене мүмкіндіктеріне қарай денсаулықтарын қорғау және тазалық талаптары мен нормаларын ескере отырып тартылады. Еңбектің санитарлы-гигиеналық нормалары мен қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау мектеп әкімшілігіне, медициналық қызметкерге, мұғалімдерге, класс жетекшілері мен мектеп кеңесіне жүктеледі.

23.75.Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушыларды қоғамдық тапсырманы орындау, спорттық және басқа шараларға қатысу үшін сабақтан босатуға, мұғалімдердің және оқушылардың пікірлерін есепке ала отырып, мектеп әкімшілігінің рұқсатымен белгілі бір жағдайларда жол беріледі. Туристік саяхаттар және экскурсиялар директордың бекіткен мерзімі ішінде педагогикалық қызметкерлердің басшылығымен өтеді.

23.76.Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексіне сәйкес жасы 14-ке жеткен жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін олардың денсаулығына және сабақ уақытынан тыс тәрбие ісіне кедергі келтірмейтін жұмысқа қабылдауға және еңбекке баулуға, олардың ата-аналарының біреуінің немесе оларды алмастырушылардың келісімімен жұмысқа алуға және еңбекке тартуға жол беріледі.

23.77.18 жасқа толмаған оқушылар үшін демалыс уақытындағы жұмыс кезінде жұмыс уақытын қысқарту белгіленеді:

16-дан 18 жасқа дейінгілер – аптасына 36 сағаттан артық емес;

14-тен 16 жасқа дейінгілер – аптасына 24 сағаттан артық емес.

23.75.) Жұмыс жасайтын оқушылардың оқу жылы барысындағы сабақтан бос кездегі жұмыс уақытының ұзақтығы жастарына сәйкес нормадан аспауы қажет.

23.78.Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) құқылы:

- баланың мүдделерін және заңды құқығын қорғауға;

- оқу түрін таңдауға;

- басқару жұмыстарына ата-аналар комитеті арқылы қатысуға;

-оқушының үлгерім бағасымен және тәртібімен, сондай-ақ білім беру жүйесінің мазмұнымен және барысымен танысуға;

- білім беру істерін реттейтін мекеме Жарғысымен және басқа да құжаттармен танысуға;

- оқушылардың білім алуындағы қиындық келтірген, қиындық туғызған мәселелер туралы кеңестер алуға.

23.79.Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) міндетті:

- өз баласын тәрбиелеуге және оқытуға, дені сау болуына және өмір қауіпсіздігіне жағдай жасауға;

- олардың ой-өрісінің және дене тұлғасының дамуын, адамгершілік қасиетінің қалыптасуын қамтамасыз етуге;

- мектепалды даярлық тобында болуын қамтамасыз етуге;

- баласының мектептегі сабақтарға толық қатысуын қамтамасыз етуге;

- оқушылардың академиялық бережақтарын жоюын қамтамасыз етуге;

- мектеппен бірлесе отырып жұмыс істеуге және ата-аналар жиналыстарына қатысуға.

5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

  1. Мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

  1. Мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ол жағдайда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
  4. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
  5. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

6. Коммуналдық  мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

  1. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

- Мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ҚР Заңдарына көрсетілген тәртіппен анықталады.

-  Мекеме жұмысқа қабылдау тәртібі Еңбек заңамасында бекітілген жеке еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады.

- Қызметкерлердің еңбекақысы мен лауазымдық төлемақылары олардың біліміне, жұмыс стажына және біліктілік санатына сәйкес белгіленеді.

- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін - 18 сағат.

- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымының мүшесі сонда тұрақты жұмыс жасайтын адам болып табылады. Мектепте педагог жетекші роль атқарады, оның міндеттері:

-Коммуналдық мемлекеттік мекеме қабылдаған ішкі тәртіп Ережелері мен Жарғыны сақтау, мектеп   әкімшілігінің жалпы жиналысының шешімін орындау;

- өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын  қамтамасыз етуге;

- білім алушыларды жоғары адамгершілік рухында ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығарма­шылық қабілеттерін дамытуға;

- өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

- бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

- оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Педагог өз  міндеттері  мен этика нормаларын бұзғаны үшін ҚР заңдары мен еңбек келісім-шарттары бойынша жауапқа тартылады.

  • Педагог қызметкерлер:

- кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

- ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

- жеке педагогтік қызметке;

- тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

- білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына  қатысуға;

- ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет  біліктілігін арттыруға;

- санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

-педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

- өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

- әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

- ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

- білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

  • Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогтар арасынан директор класс жетекшілерін тағайындайды.
  • Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:

      1) сынып активін қалыптастыру;
      2) әр білім алушының тұлғасын дамыту, өзін-өзі таныту, оның әлеуеттік қабілеттерін ашу және қайталанбастығын сақтау үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
      3) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
      4) сыныпта білім алушылармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
      5) тұлғаның шығармашылық, рухани, табиғи мүмкіндіктерін дамыту;
      6) салауатты өмір салтына ынталандыру;
      7) оқушыларда адамгершілік-өнегелік және рухани қасиеттерді қалыптастыру, толеранттылыққа баулу;
      8) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      9) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      10) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
      11) оқушылардың бойында ұжымдық пен басқаларға жауапкершілік, және сезімдік, достық тұрғысынан топта жұмыс істеуде қабілеттілігін қалыптастыру;
      12) балаларға арналған қауіпсіз ортаны қалыптастыру.

  • Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне еңбек келісім-шарт бойынша өздерінің функционалдық міндеттері мен жұмысын атқарғаны үшін еңбекақы төленуіне кепілдік беріледі.
  • Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерініңеңбек келісім-шартында қарастырылмаған басқа жұмыстар мен міндеттерді атқарғандары үшін қосымша келісім бойынша ақы төленеді. Педагогтерге қосымша міндеттер тек директордың бұйрығымен жүктелуі мүмкін.
  • Коммуналдық мемлекеттік мекемежеке меншігіне зиян келтіргені үшін еңбек ұжымының мүшелеріне заңда көзделген тәртіппен материалдық жауапкершілік жүктеледі.
  • Жарғы және ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға еңбек ұжымының жиналысымен немесе директормен тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
  • Педагог қызметкердің мінез-құлық нормаларын немесе осы Жарғыны бұзғаны үшін тәртіптік тергеулер тек олардың атына түскен жазбаша түрдегі арыз негізінде жүргізіледі. Арыздың көшірмесінің біреуі педагог қызметкерге берілуі тиіс.
  • ҚР-ның Заңнамаларында көзделген тәртіп бойынша мектеп жауапкершілікте болады, егер:

- коммуналдық мемлекеттік мекеме құзырына кіретін істер атқарылмаса;

- оқу жоспары және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асырмаса;

- өз бітіруші түлектерінің білімі сапасы үшін;

- коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысшылары мен оқушыларының оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы үшін;

- коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушылары мен қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтары бұзылса;

- мемлекеттік мүлікті тиімді қолданбаса және сақтамаса.

7. Білім беру ұйымының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қаржыландыру көздері

1) Мекеме өз қызметін білім алушылардың оқытылуы мен тәрбиеленуіне арналған мемлекеттік тапсырыстың, сонымен қатар мекемелер мен ұйымдармен жасалған шаруашылық келісім-шарттар негізінде жүргізеді. Мектептің қызметін қаржыландыру бюджеттен, мемлекеттік және қаржыландырудың жергілікті нормативтері негізінде жүзеге асырылады.

 2) Мекеме ҚР заңдылықтарында белгіленген ретпен, Жарғы мен ҚР заңдарында қаралған ақылы қосымша оқыту, басқа да қызметтер есебінен қосымша қаражат қорларын тартуға құқылы. Жұмыс пен қызмет көрсету ақылары ҚР заңдылықтарына сәйкес белгіленеді. Бұл реттегі кірістерді бөлу тәртібі мектеп Жарғысына сәйкес өз ішінде анықталады. Кірістер   бірінші дәрежелі шараларды ескере отырып мақсатты түрде жұмсалады.

3) қосымша қаражаттарды тарту мектептің бюджет есебінен қаржылануының мөлшері мен нормативтерінің азаюына әсерін тигізбейді.

4) қосымша ақылы білім беру қызметінен түскен кіріс өндірістік, арнайы даму, жалақы, резервті қорларының ішінде өзара бөлінеді.

5) ағымдағы жылы қолданылмаған мектеп қаржысы алуға келмейді және келесі оқу жылын қаржыландыру есебіне кіргізілмейді.

 6) коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылтайшы келісімімен өзіне бекітілген меншік пен мүліктерді пайдалануға құқылы.

 7) мектеп мүлкі мен қаражатының қалыптасу көздері мыналар:

 8) республикалық және жергілікті бюджеттік қаражаттар;

  9) коммуналдық мемлекеттік мекеме өз меншігіндегі мүліктері немесе олардың өкілетті органдары берген мүліктері;

 10) қосымша ақылы білім беру қызметі есебінен түсетін кіріс;

 11)заңды және жеке тұлғаладың ерікті түрде көрсеткен көмектері;

 12) ҚР заңдылықтарына сәйкес келетін басқа да қаржылар.

8. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
  2. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

9. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

33. Мемлекеттік мекемені  қайта ұйымдастыру  және тарату Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақтөбе қаласының №59 жалпы білім беретін   
орта мектебі» КММ  директоры Шайхиева А.Н.

ДИРЕКТОР
Нияз Ұлан Қомшыбайұлы
Жазу
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) Толығырақ
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау Толығырақ